Курс туралы: мақсаты мен пайдасы?

Курста мыналар болады деп: - Сотта қорғаудың, арест шешудің, сот шешімдерінің күшін жоюдың қыр-сыры баяндалған видеосабақ; - Сотта қорғаудың, арест шешудің, сот шешімдерінің күшін жоюдың толық жазбаша заңдылықтар мен жолдары көрсетілген курсы - сабағы; - дайын құжаттар үлігілері; - дайын құқықтық ұстанымдар; - Тіпті келісім-шарттарда да болады; - Куратормен курсты талқылау, істерді талқылау; - тіпті Куратордың жетекшілік етуімен құжаттар дайындау.

Кіріспе: курстың жалпы құрылымы

1. Істі зерттеу?

Адамдар қарыздары бойынша сот шешімі шыққаны туралы, әдетте, жеке сот орындаушысы тыйымдар салған кезде біледі. Ол банктік шоттағы ақшасына немесе үйіне, көлігіне тыйым салу болуы мүмкін. Осыдан кейін, адамдар іздене бастайды және заңгерлерге жүгінеді. Мұндай мәселемен клиенттер жүгінген кезде жұмысты зерттеуден бастаймыз. Зерттеу сот шешімін тауып, танысу, іс материалдарымен танысу, клиенттен іске керек сұрақтарға жауап алу сияқты жұмыстардан тұрады. 1.1. Жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін анықтау 1) Егер талап қою мерзімі өткен болса, осыны негізге алып сот шешімін жойып, істі ұтып шығуға болады. Ұтып шыққан жағдайда коллекторлық агенттік бұл қарыз бойынша сотқа қайта жүгіне алмайды, қарызды мәжбүрлеп өндіріп ала алмайды. Алайда, кредиттік тарихта қарыздың өтелмегені туралы ақпарат жойылмайды. Жаңа кредит алуға кедергі келтіруі мүмкін. 2) Егер талап арыз тапсырған кезде талап қою мерзімі өтпеген болса, дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмағанын негізге алып шешімді жойып, талап қоюды қараусыз қалдыруға бағытталған жұмыс жүргізуге болады. Бұл өз кезегінде Талап қоюшы (коллекторлық агенттік) сотқа қайта жүгінген кезде талап қою мерзімінің өтіп кетуіне негіз болады. 3) Істердің кейбір санаттары бойынша талап қоюға құқығы жоқ тұлға берген деген негізбен шешімді жойып, қараусыз қалдыруға жұмыс істеуге болады. Қараусыз қалғаннан кейін, коллекторлық агенттік қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайды жойып, қайта талап арыз беруі мүмкін. Бірақ, әдетте қайта талап арыз бермейді. Өйткені қайта талап арыз берген кезде талап қою мерзімі өтіп кеткен болады. 4) Жоғарыда аталған негіздерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда іс материалдарында түпнұсқа құжаттардың, кредиттің берілгенін растайтын құжаттардың жоқ екенін басшылыққа алып, шешімді жоюға болады. Істі қайта қарау басталғанда коллекторлық агенттікпен сот арқылы медиациялық келісім жасауға болады. Әдетте коллекторлық агенттіктер тұрақсыздық айыпақыларды кешіріп, 3 жылға дейін бөліп төлеуге келісімге келіп жатады. 5) Кей істер бойынша соттар айыппұлды да азайтпай, миллиондаған айыппұл өндіріп береді. Мұндай шешімдерді жойып, айппұлды азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізуге болады. 1.2. Зерттеуден кейін клиентке түсіндіру Зерттеуден кейін қандай мүмкіндік бар екенін клиентке бүкпесіз, мән-жайды ашып түсіндіру керек. Істің нәтижесі және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіреміз. Егер клиент соңғы үш жылда борышты мойындайтын әрекеттер жасаған болса, бұл әрекеттері сотта дәлелденсе, кедергі келтіруі мүмкін екенін ескерту керек. Бұл әрекеттерге ақша төлеп қою, сот орындаушыға немесе коллекторларға мойындап, қолхат беру жатады. Түсіндіру, ескертулер жазбаша болғаны абзал. Осыдан кейін қызметтің бағасына келісіп, келісім-шартқа отырып, жұмыс жүргізуді бастауға болады. 1.3. Келісім-шартқа отыру Келісім-шартқа жазбаша отыру керек. Егер, Клиент алыстан байланысқан болса олармен де шартқа отыру керек болады. Келіссөз жүргізу қадамдары. 1) Келіссөз жүргізу – Онлайн және Офлайн; 2) Шартқа отыруға дайындау, жолдау. Шартқа отыру қадамдары: 1) Шартқа отыру; 2) Шартты кірістеу; 3) Орындауға тапсыру. Шартқа отыру формалары. 1) Жазбаша – Офлайн. - Шартты дайындап, 2 данада шығарып, қол қойдарамыз; - Қол қойылған Шартты сканерлеп, папкасына және Клиент Карточкесіне саламыз. 2) Қашықтықтан жазбаша Келісім-шарт арқылы отыру. - Шартты дайындап, Клиентке жібереміз. - Ол танысып, шығарып, қол қою керек; Қашықтықтан жазбаша Келісім-шартқа қол қойдыру тәртібі: 1) Шартты екі дана етіп шығарып алып, танысады; 2) Видеода түрі анық көрінетіндей өзін түсіріп, тұрып аты-жөнді айтып, жеке куәлікті көрсетеді; 3) Шартқа қол қою сәтінде қол қойып жатқан адам, содан соң қол қойып жатқан Шарт көрінетіндей етіп видеоға түсіріп, жолдайды; 4) Қол қойылған шартты фотоға түсіріп WhatsApp-пен жолдап жіберу керек; 5) Мұнан кейін Шарттың қағаздағы нұсқасын пошта арқылы жолдайды: 6) Шарттың түпнұсқасын алуды бақылап, келген соң тиісті папкасына тіркейді. ЕСКЕРТУ: Бұл әрекеттерді жасау – құжатқа қол қойғанды, Клиенттің жеке басы мен ниетін анықтау үшін қажет.

2. Сот шешімінің күшін жоюды ұйымдастыру?

Бұл сатыда сот шешімінің күшін жою, сот шешімі жойылғаннан кейінгі жұмыстарды істеу, қайта қаралып жатқан істе клиенттің құқықтарын қорғау жұмыстары жүреді. Сот шешімін жою мына жұмыстардан тұрады: - Соттан шешімді, талап арызды және оған қоса тіркелген құжаттарды алдыру; - Сотқа шешімді жою туралы арыз тапсыру; - Сот шешімі жойылмаған жағдайда, апелляциялық шағым тапсыру. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ Сотта өкілдік ету үшін сенімхат керек болады және оны электронды нысанда сот кабинеті арқылы ЭЦҚ қолданумен жасалады. Сенімхатты нотариустен куәландырудың қажеті жоқ. Бұл жөнінде толық курстың 7-бөлігінде баяндалған.

3. Сот шешімінің күші жойылғаннан кейінгі жұмыстарды орындау?

Сот шешімінің күшінің жойылуына байланысты мыналарды орындау керек: - осы шешім бойынша берілген атқару парағының түпнұсқасын сотқа қайтаруды талап ету туралы өтінішхат жазу керек; - күші жойылған сот шешімі негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуға арыз жазу керек; - соттылық ережесі бұзылған болса, істі соттылықпен жолдауды сұрау керек; - клиентпен қуанышты хабармен бөлісуді ұмытпаймыз!

5. Апелляциялық сатыда тапсырыс берушіні қорғау?

- Апелляциялық шағым беру; - Апелляциялық немесе жеке шағымға пікір беру.

6. Сотқа заңгерлер палатасында тіркелмей қатысу туралы

7. Келісім-шарт бойынша қызмет көресетуді аяқтау?

6.1. Келісім-шарт бойынша жұмысты аяқтау қадамдары: - Клиентке істің нәтижесі туралы хабарлау; - Орындалған жұмыс актісін жасау және құжаттарды өткізу. Клиентке істің нәтижесі туралы хабарлау - Қызмет көрсету нәтижесі туралы түсіндіру керек және растайтын құжаттардың көшірмелерін жіберу керек; - Келісім-шартқа сәйкес төлем жасауы керектігін ескерту керек. Орындалған жұмыс актісін жасау және құжаттарды беру - Белгіленген нысанға сай Орындалған жұмыс актісін жасау керек; - Орындалған жұмыс актісінде клиентке жолданған құжаттарды тізіп көрсету керек; - Орындалған жұмыс актісіне клиентке қол қойдыру керек; - Клиент қызмет ақысын бірден төлей алмаған жағдайда, клиенттен қолхат алу керек.
Сабақтың жалпы құрылымы
Сабақтың жалпы құрылымы
  1. Істі зерттеу

– Жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін анықтау;

Зерттеуден кейін клиентке түсіндіру;

– Келісім-шартқа отыру.

  1. Сот шешімінің күшін жоюды ұйымдастыру

– Соттан шешімді, талап арызды және оған қоса тіркелген құжаттарды алдыру;

– Сотқа шешімнің күшін жою туралы арызды тапсыру;

– Сот шешімі күші жойылмаған жағдайда апелляциялық шағым тапсыру.

  1. Сот шешімінің күші жойылғаннан кейінгі жұмыстарды орындау

– Клиентпен қуанышты хабарды бөлісу;

– Атқарушылық істі тоқтату;

– Атқару парағының түпнұсқасын сотқа қайтаруды талап ету;

– Істі соттылықпен жолдау мәселесін қарау.

  1. Істі қайта қарау басталғанда Клиенттің құқықтарын қорғау

– Талап қою мерзімі өтіп кеткен істер;

– Дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмаған істер;

– Талап қою құқығы жоқ тұлға талап арыз берген істер;

– Медиациялық келісімге келу керек істер.

  1. Апелляциялық сатыда тапсырыс берушіні қорғау

– Апелляциялық шағым беру;

– Апелляциялық немесе жеке шағымға пікір беру.

  1. Келісім-шарт бойынша қызмет көресетуді аяқтау
  1. Сотқа заңгерлер палатасында тіркелмей қатысу туралы